"Темірдің ағзаға сіңуіне кедергі жасайды": Диетолог шайды қай кезде ішкен дұрыс болатынын айтты
Фото: pixabay.com
Диетолог Эми Браунштейн шайдың адам ағзасына тигізетін кері әсерін атады. Айтуынша, шай әсіресе ағзаға темірдің сіңуін бәсеңдетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Verywell Health порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Маманның айтуынша, шайдағы кей заттар адам ағзасында темірдің сіңуін 60–90% азайтады. Әсіресе өсімдік құрамындағы полифенолдар мен таниндер шайда көп кездеседі. Олар темірмен байланысып, ішек арқылы сіңбейтін кешендер түзеді.
Танин қара көбірек, көк шайда азырақ кездеседі. Бірақ барлық шай түрінде, соның ішінде шөп шайларында бұл элемент бар.
Зерттеулер көрсеткендей, шайды тамақпен бірге ішу темірдің сіңуін 85%-дан артық азайтады. Сондықтан диетологтың кеңесі: шайды тамақтан немесе темір қосымшаларын қабылдаудан кем дегенде бір сағат бұрын кейін ішу керек. Бұл темірдің сіңуін 1,5–2 есе арттырады.
Сондай-ақ темірге бай тағамдарды С дәрумені бар өнімдермен бірге (апельсин, лимон, болгар бұрышы, құлпынай) жеген пайдалы. С дәрумені темірді жақсы сіңіруге көмектеседі.