Маман адамның әдемі қартаюына көмектесетін бағыттарды атады
Фото: Infobae
Геронтология және гериатрия жөніндегі халықаралық қауымдастықтың президенті Хосе Рикардо Хауреги қартайюдың басты “жауы” әлеуметтік белсенділік пен қарым-қатынас екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Infobae басылымына сіл еме жасап хабарлайды.
Маманның пікірінше, адамдармен қарым-қатынас арқылы қартаюдың алдын алуға болады.
“Қазір жалғыздық мәселесіне және оны болдырмау стратегияларын әзірлеуге көбірек көңіл бөлініп жатыр. Себебі қартаю кезінде кездесетін көптеген аурулардың алдын әлеуметтік белсенділік пен қарым-қатынас арқылы алуға болады”, – деді маман.
Диетолог тәттіге әуестіктің ерте қартаюмен қандай байланысы барын айтты
"Немерем кемтар әже керек емес деді": Қарттар үйіндегі қариялар қалай өмір сүріп жатыр
Хаурегидің айтуынша, ұзақ өмір сүру генетикалық бейімділікке ғана емес, тағы төрт негізгі факторға байланысты. Олар:
қоғаммен белсенді байланыс орнату;
қаржылық тұрақтылық;
үздіксіз білім алу;
денсаулық сақтау.
Осы төрт бағыт адамның әдемі әрі мағыналы қартаюына мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бұған дейін Ғалымдар келешекте қартаюды бәсеңдетуге көмектесетін маңызды жаңалық ашқан еді.