Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жемқорлар депутаттыққа және басқа да лауазымдарға сайлана алмайды

Фото: Ақорда

Жаңа Конституцияның жобасында жемқорлық жасап, сотты болған азаматтардың депутаттыққа және басқа да сайланбалы лауазымдарға үміткер бола алмайтыны туралы норма бекітілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы “Негізгі құқықтар, бостандықтар және міндеттер” бөлімінде айтылған.

“Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға қатысты кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлануға құқығы жоқ”, – делінген заң жобасында.

Сонымен қатар сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сот үкімімен бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлауға да, жалпыхалықтық референдумға да қатыса алмайтыны айтылған.

Еске салайық, бұған дейін Жаңа Конституция жобасының мазмұны жарияланған еді. Конституцияның алғашқы жобасында преамбула, 11 бөлім және 95 бап бар. Конституциялық соттың төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституцияның преамбуласының толықтай жаңартылғанын айтты.

Сонымен қатар преамбулада “Ұлы дала” ұғымы енгізілуі мүмкін екенін, сондай-ақ “Әділетті Қазақстан” және “Құқық пен тәртіп” ұғымдары да нақтыланғаны туралы жаздық. 

Талқылау