Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы: Мен әрқашан таза спортты қолдаймын

мәлімдеме жасадыФото: Спортшының жеке парақшасынан

6 желтоқсанға жоспарланған Жәнібек Әлімханұлы мен кубалық Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жек өтпейтіні ресми түрде белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Басты себеп VADA ұйымы Жәнбек Әлімханұлының ағзасынан тыйым салынған мельдоний препараты табылғанын мәлімдеді.

Осы жайттан кейін Жәнібек Әлімханұлы өзінің инстаграм парақшасында ресм түсініктеме берді. 

“Мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Мұны жақсы білесіздер. Мен таза спортты насихаттап жүргенімді де білесіздер. Жаңалықты оқып таңғалып отырмын. VADA бірінші рет анализ алып, бәрі таза деп еді. Мен витаминдеріме де тамағыма да ешқандай өзгеріс енгізбедім. Екінші рет тестте неге мұндай болғанын түсінбей отырмын, біз қайта анализ тапсыруға өтініш айттық. Жауабын күтіп отырмыз!”, – деді Жәнібек Әлімханұлы.

Айта кетейік, кубалық Эрисланди Лара мен Жәнібек Әлімханұлы үшін WBA, IBF және WBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерді біріктіретін аса маңызды айқас еді. Енді осы даулы оқиғадан кейін Premier Boxing Champions ұйымдастырушылары Жәнібектің орнына жаңа қарсылас бекітілгенін хабарлады. Ол – 34 жастағы колумбиялық Йохан Гонсалес (36-4, 24 KO).

Талқылау