Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Зейнетақы төлемдерінен 20% ұстап қалу енгізілді": Еңбек министрлігі желіде тараған ақпаратқа жауап берді

Еңбек министрлігі желідегі “зейнетақы төлемдерінен 20% ұстап қалу енгізілді” деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Белгісіз тұлғалардың deepfake технологияларын пайдалана отырып, ынтымақты зейнетақы төлемдері 20% қысқартылады деген жалған мәліметі бар видеосы тарады

1 қаңтардан бастап базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшері Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10% артты.

“Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде жыл сайын кезең-кезеңімен ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ал ең жоғары мөлшері 120%-на дейін ұлғайтылып жатыр”, – делінген хабарламада.


2026 жылдан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге (күнкөріс деңгейінің 70%-ы), ал ең жоғары мөлшері күнкөріс деңгейінің 110%-нан 118%-на дейін ұлғайтылып, 60 005 теңге болды.

Еңбек министрлігі азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырып, қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделгенін еске салды.

Талқылау