Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей билігі аяз кезінде бір апта Киевке соққы жасамайтынын мәлімдеді: Зеленский бұл үшін Трампқа алғысын жеткізді

трамп и путин

Фото: Andrew Harnik/Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде өткен министрлер кабинетінің отырысында Ресей басшысы Владимир Путинге қатты аязға байланысты Киев пен Украинаның басқа қалаларына соққы жасауды бір аптаға тоқтата тұруды сұрағанын айтты. Ал Ресей президенті ұсынысты қабылдаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл отырыс Ақ үйдің YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетілді.

“Аязға байланысты, экстремалды суыққа байланысты президент Путиннен Киев пен басқа да қалалар мен елді мекендерге бір апта бойы шабуыл жасамауды жеке өзім сұрадым. Бұл жай ғана суық емес. Бұл ерекше, бұрын-соңды болмаған суық. Онда да қатты аяз болып жатыр”, – деді Трамп.

АҚШ көшбасшысының айтуынша, Путин оның өтінішін орындауға келіскен.

“Айта кетуім керек, ізеттілік көрсетті. Көп адам “қоңырау шалып, уақыт жоғалтпа, ештеңе шықпайды” деді. Бірақ ол мұны жасады. Біз олардың бұған келіскеніне өте қуаныштымыз”, – деді Трамп.

Ал Украина президенті Владимир Зеленскийдің сөзінше, екі жақты мәміле Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен келіссөздер кезінде жасалғанын айтып, Дональд Трампқа алғысын жеткізді. 

“Энергетика нысандарына жасалатын соққыларды тоқтатуға бағытталған күш-жігері үшін Америкаға рахмет. Біз АҚШ осыған қол жеткізе алады деп үміттенеміз. Бүгін АҚШ президентінің мәлімдемесі болды. Ал бүгін кешке және алдағы күндері энергетикалық нысандарымыз бен қалаларымыздағы нақты жағдай бәрінің қалай өрбіп жатқанын анық көрсетеді. Жасасын Украина”, – деп жазды Украина президенті өзінің Telegram-арнасында.

Зеленскийдің айтуынша, Киев қатты аяз кезінде Ресей тарапымен “энергетикалық бітім” туралы келісімге келген.

Алайда бұл мәселеге қатысты Ресей тарапы ешқандай ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

Талқылау