Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заңғар Нұрланұлы Australian Open Junior турнирінің ширек финалына шықты

теннисФото:ҚТФ

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Australian Open Junior турнирінде сәтті өнер көрсетіп, ширек финалға жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ширек финал үшін өткен тартыста отандасымыз ресейлік Савой Рыбкинге қарсы ойнады. Алғашқы сетте Заңғар 6:1 есебімен айқын басымдық танытса, екінші партияда 6:4 есебімен жеңісті өз пайдасына шешті.

Савой Рыбкин Ресейдің 18 жасқа дейінгі теннисшілері арасындағы бірінші ракеткасы. Енді Заңғар Нұрланұлы жартылай финалға шығу үшін Гонконг өкілі Кай Томпсонмен өзара мықтыны анықтайды.

Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасын жеңіп Australian Open турнирінің жартылай финалына жолдама алды


Айта кетейік, маусымдағы алғашқы "Үлкен дулыға" турнирі Australian Open 18 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Австралияның Мельбурн қаласында өтеді.

Талқылау