Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Ресейдің бұрынғы вице-премьерін орденмен марапаттады

Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті Аркадий Дворковичті қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Кездесуде Тоқаев ұйымның Қазақстан шахмат федерациясына, жаттықтырушылар мен жас спортшыларға көрсеткен қолдауын жоғары бағалады.

Президент елімізде шахмат спорт түрі ғана емес, зияткерлік мәдениеттің, тәрбие мен білімнің маңызды бөлігі саналатынын атап өтті.

Әңгімелесу барысында ұлттық федерацияның ұйыммен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, соның ішінде ірі халықаралық жарыстар өткізу мен бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. 

Кездесу соңында Тоқаев Аркадий Дворковичті Қазақстандағы шахматты өркендетуге қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі “Достық” орденімен марапаттады. 

Еске салсақ, 2025 жылдың 24 қарашасында Испанияда өткен байқауда қазақстандық шахматшылар тарихи жетістікке қол жеткізгені туралы жазған едік.

Талқылау