Тамирлан Тілеулес әлем біріншілігінде қола жүлдеге қол жеткізді
Фото: KTF
Таеквондодан Найроби қаласында 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында Тамирлан Тілеулес қола жүлдеге ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол жартылай финалда түрік спортшысымен ақтық сынға жолдаманы сарапқа салған еді.
Алайда тартысқа толы айқаста отандасымыз шешуші сәтте Айдоган Хамзаға есе жібеді. Нәтижесінде әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды.
Айта кетейік, бұл – ел қоржынына түсіп отырған екінші жүлде. Бұған дейін Бейбарыс Қабылан алтын жүлде жеңіп алған. Осылайша ол Қазақстан тарихында таеквондодан тұңғыш әлем чемпионы атанды.
21 жасқа дейінгі әлем чемпионаты алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Дүбірлі додаға 75 елден 500-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтап жатыр.
Талқылау

