"Бортта жеті адам болған": Ресейде Ан-22 ұшағы құлады
Фото: MOD Russia / Globallookpress.com
Ресейдің Иваново облысында Ан-22 ұшағы құлады. Бортта жеті адам болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Төтенше жағдай орнына құтқарушылар барған.
Ұшақ Уводь су қоймасы маңында құлағаны белгілі болды. Оның бөліктері судың үстінен табылған. Ан-22 ұшағы жөндеуден кейін жоспарлы сынақ ұшуын орындап жүрген.
ТАСС дерегінше, дәл осы жоспарлы ұшу кезінде апат орын алған.
-
Үш ғарышкер мінген "Союз МС-27" кемесі Қазақстанға қонды (видео)
-
11 жыл бұрын жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ұшақты іздеу жұмыстары қайта жанданды
Бұған дейін, қараша айында Ресейде Су-30 әскери ұшағы құлап, экипаждың екі мүшесі қаза тапқан еді.
Талқылау