Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күліп жүргенін көрмегенмін": Маңғыстауда көршілер күйеуінің қолынан мерт болған әйел туралы айтты

Маңғыстауда көршілер күйеуінің қолынан мерт болған әйел туралы айттыФото: Видеодан скрин

Маңғыстауда балаларының көз алдында күйеуінің қолынан қаза тапқан әйел туралы көршілері айтып берді. Күдікті деп ұсталған күйеуі 44 жастағы Назгүл Ізбасарованы қызғаныштан өлтірген дейді ауыл адамдарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Жетінші арнаға” сілтеме жасап хабарлайды.

Әйелін өлтірген ер адам бірден ұсталып, күдікті ретінде қамауға алынды. Белгілі болғандай ерлі-зайыптының 7 баласы бар. Оның бесеуі – кәмелет жасқа толмағандар. Балалардың ең кішкентайы небәрі үш жаста. Ал екі үлкен қызы тұрмыста. 

Көршілердің айтуынша, бұған дейін ерлі-зайыптының жанжалдасқанын көрмеген. Бірақ әйелдің осы уақытқа дейін әйелдің жадырап, күліп жүргенін көрмеген. 

“Бұған дейін айқай, жанжалды естіген емеспіз. Ол тыныш, момын адам еді. Бірақ ешқашан оның күліп жүргенін көрмеппін. Үнемі біртүрлі тұйық, ойлы болып көрінетін. Біздің ауыл кішкентай, бәрі бірден біліп отырады. Адамдардың айтуынша, бұл жағдай қызғаныштан болуы мүмкін. Бірақ кім білсін”, – дейді Қызылсай аулының тұрғыны Айсұлу Оңайбаева.



Полицияға да бұрын-соңды отбасындағы жанжал туралы шақырту түспеген. 

“Алдын ала белгілі болғандай, жанжал отбасылық тұрмыстық негізде болған. Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті тергеу үшін тергеу жұмыстары жүргізіләп жатыр”, – деді Жаңаөзен қаласы полиция басқармасының бастығының орынбасары Мақсат Сағынов.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында ер адам әйелін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінген еді. 

Талқылау