Криштиану Роналдудың жеке ұшағы Сауд Арабиясынан ұшып кетті
Фото:Getty images
Атақты футболшы Криштиану Роналдудың шамамен 61 миллион фунт стерлингке (шамамен 70 миллион еуро) бағаланған жеке ұшағы Сауд Арабиясынан түн ортасында ұшып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дәл сол кезде Эр-Риядтағы АҚШ елшілігіне екі рет шабуыл жасалған.
2023 жылдан бері Криштиану Роналду "Әл-Наср" клубында ойнайды. Gazeta Express мәліметі бойынша, футболшы Сауд Арабиясының астанасында әйелі Джорджина Родригес және бес баласымен бірге тұрады.
Дегенмен, ұшақта отбасының болған-болмағаны әзірге белгісіз.
Иранның мемлекеттік БАҚ-тары түнде елдегі АҚШ дипломатиялық штабына екі дрон шабуылы жасалғанын хабарлады. Сонымен қатар, Иран Бахрейндегі штаб-пәтер ғимаратының қирағанын хабарлады.
Дереккөздердің мәліметіне сәйкес, Роналдудың ұшағы Bombardier Global Express типті, және Испанияның Мадрид қаласына жеткен. Ұшақ кешкі 20:00-де ұшып, түні 01:00-де қонған.
Қазіргі уақытта жедел ұшудың аймақтағы соңғы шиеленістерге тікелей қатысы бар-жоғы туралы ресми ақпарат жоқ.
Айта кетейік, аймақтағы әскери шиеленіс салдарынан Иран Батыс Азиядағы америкалық әскери нысандарға қайтарма соққылар жасауда.
Атақты Криштиану Роналду “Әл-Наср” сапында ойнаудан бас тартты
Атақты Криштиану Роналдудың сүйіктісі әлемдегі үздік модельдердің біріне айналды
Негізі "Аль-Наср" клубы 7 наурызда Сауд Арабиясы чемпионатының 25-турында Неома командасына қарсы ойнауы тиіс еді. Сонымен қатар, 4 наурызда клуб Азия чемпиондар лигасының плей-офф ойынын Дубайдағы "Аль-Васл" командасына қарсы өткізеді деп жоспарланған. Алайда, қауіпсіздік себептерімен ойын кейінге қалдырылды.