Криштиану Роналду мансабындағы 960-голын соқты
Фото: ESPN
Португалия құрамасы мен "Аль-Наср" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду мансабындағы 960-голын соқты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сауд Арабиясының Премьер-лигасының 17-турында "Аль-Наср" мен "Дамак" командалары өзара мықтыны анықтады.
Матчтың 50-минутында Криштиану Роналду қарсылас қақпасынан саңылау тауып, мергендік танытты. Осылайша ол кәсіби мансабындағы 960-голын еншіледі.
Криштиану Роналду кәсіби мансабында 1000 голға жету жолындағы ұмтылысын жалғастырып келеді.
Белгісіз біреу Криштиану Роналдудың мүсініне өрт қойды
Айта кетейік, бұл матчта "Аль-Наср" командасы 2:1 есебімен жеңіске жетіп, турнир кестесінде 2-орынға жайғасты. Ал турнир кестесінің көшін "Әл-Хилал" бастап тұр.
Талқылау