Тарихи жүлде: Қазақстандық таеквондошы әлем чемпионатында топ жарды
Фото: ҰОК
Кенияның Найроби қаласында өтіп жатқан таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Бейбарыс Қабылан алтын жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бейбарыс Қабылан әлем чемпионатының ақтық сынына жолдама алып, шешуші сында Оңтүстік Кореяның Ян Чжунёнмен чемпиондық атаққа таласты.
Отандасымыз 87 келінің финалында қарсыласынан басым түсіп, алтын медаль иеленді. Осылайша ол Қазақстан тарихында таеквондодан тұңғыш әлем чемпионы атанып отыр.
Айта кетейік, таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионаты алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Байрақты бәсеке 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Әлем чемпионатына 75 елден 500-ге жуық спортшы қатысып, мықтыны анықтауда.
Талқылау

