Қазақстандық каратэшілер Дидар Әмірәлі мен Әсел Қанай әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды
Фото:Stan.kz collage
Мысырда өтіп жатқан каратэден әлем чемпионатында ел қоржынына екі бірдей қола жүлде түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Байрақты бәсекеде ерлерден 67 келіде сынға түскен Дидар Әмірәлі қола жүлде үшін тартыста чилилік Фрейре Фуэнтесті тізе бүктіріп, үздік үштікке ілінді.
Осылайша ол екі дүркін әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып отыр. Ол бұған дейін 2023 жылғы әлем чемпионатында да қола жүлде жеңіп алған еді.
Сонымен қатар 61 келіде бақ сынаған Әсел Қанай да қола медаль еншіледі. Ол украиналық Олександра Шолоховадан 3:2 есебімен басым түсті. Бұл оның әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі. Әсел Қанай 2022 жылғы Азия чемпионы. Бұған қоса Әсел Қанай биыл “Grand-winner” 61 келі) "Жылдың ең үздік спортшысы" атағына қол жеткізген еді.
Талқылау

