Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда пойыздың дәретханасы “жарылып”, жолаушыға нәжіс шашыраған: Пойыз басшысы қызметінен босатылды

Фото: rail-news.kz

Әлеуметтік желіде пойызда болған оқыс оқиға туралы ақпарат тарады. Астана-Петропавл бағытындағы пойыздың дәретхана жүйесінде ақау орын алып, нәтижесінде дәретханадағы нәжіс бүкіл кабинаға шашылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жәбірленушінің айтуыншы, қыз дәретхананы пайдалану үшін кабинаға кіргенде унитаздың ішіндегі заттар шашырап, төбе мен қабырғаларға, сондай-ақ қыздың киіміне де тиген.

Фото: Әлеуметтік желіден

Пойыз қызметкерлері бұл жағдайдан хабардар болғанымен, оқиға бойынша ресми акт толтырмаған көрінеді. Жәбірленушінің айтуынша, пойыз басшысы істі жасыруға тырысып, қыздан ешқандай шағымым жоқ деп қолхат жазып беруді сұраған.

“Қазақстан темір жолы” компаниясы оқиғаға қатысты тексеріс жүргізілгенін хабарлады.

Компанияның мәліметінше, дәретханадағы “жарылыс” биодәретхананы қолдану ережелерінің бұзылуынан болған. Жолаушылар оған пластик заттар мен тамақ қалдықтарын тастаған, сондықтан вагонның санитарлық-техникалық жүйесі бітеліп қалған.

“Аталмыш дерек бойынша пойыз бригадасының әрекеттеріне қызметтік тексеріс жүргізілді: вагонның санитарлық жағдайын тиісті бақыламағаны үшін пойыз басшысы қызметінен босатылды, учаске бастығына қатаң сөгіс жарияланды", – делінген ҚТЖ хабарламасында.
Талқылау