Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы FIFA series 2026 кубогының чемпионы атанды

Қазақстан ұлттық құрамасы (1)Фото:ҚФФ

31 наурыз күні футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында 2026 жылғы Фифа сериясы аясында Комор аралдарына қарсы матч өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тартысқа толы матчта Қазақстан сапынан жартылай қорғаушы Рамазан Оразов алғашқы болып есеп ашты.

Ал екінші таймда ұлттық құрама футболшылары қарқынды үдеткенімен ұпай санын ұлғайта алмады.
Нәтижесінде Қазақстан Комор аралдарын 1:0 есебімен жеңді.

Осылайша Қазақстан құрамасы FIFA series 2026 кубогының иегері атанды. Ал Ислам Чеснаков үздік ойынш атағына қол жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін ұлттық құрама Намибия қарсы матч өткізіп, 2:0 есебімен ұтқан еді.

Талқылау