"Қайрат" футбол командасы тағы бір ойыншымен қоштасты
Фото: “Кайрат” ФК
30 қаңтарда алматылық “Қайрат” клубынан Юг Станоев кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматылық “Қайрат” пен румындық “Университатя” сербтік жартылай қорғаушының трансфері бойынша келісімге келді. Юг алматылық клубқа 2024 жылдың жазында қосылып, команданың мынадай жетістіктерге жетуіе үлес қосты:
-
Қазақстан чемпионатын екі рет жеңіп алды;
-
Қазақстан Суперкубогын ұтты;
-
UEFA Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне қатысты.
Барлығы бір жарым жыл ішінде ол 48 ойын өткізіп, 3 гол соққан және 5 ассист жасаған.
- "Қайрат" академиясының түлегі испан клубына ауысады
- Отандық футбол қара жамылды: “Қайрат” футбол академиясының жетекшісі өмірден өтті
“Қайрат” футбол клубы Югқа команда жетістіктеріне қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта мансабына сәттілік тіледі.
Еске салайық, бұған дейін “Қайрат” футбол клубынан бразилиялық шабуылшы Элдер Сантана кетіп, клубтың негізгі қақпашысы Александр Заруцкий “Ақтөбе” футбол клубына ауысқан еді.
Талқылау