Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қайрат” бельгиялық “Брюггеден” 4:1 есебімен ойсырай жеңілді

қақпашыФото:”Қайрат” фк

Алматылық “Қайрат” Чемпиондар лигасының үйдегі соңғы ойынында “Брюггені” қабылдап, 4:1 есебімен бельгиялық командаға жол берді.

Алғашқы минутта “Қайрат” қарсыластың қақпасына қауіпті соққылар ұйымдастырғанымен, есеп аша алмады.

Ал 32-минутта “Интер” академиясының түлегі Станкович “Қайрат” қорғанысын бұзып өтіп, алғашқы голды соқты. Артынша 38-минутта Ванакен алматылық клубтың қақпасына гол соғып, есепті 2:0-ге жеткізді.

Екінші таймның 74-минутта “Брюгге” кезекті мәрте гол соғып, айқын басымдық танытты. 84-минутта бельгиялықтар кезекті голын соқты. Соңғы сәтте “Қайрат” сапынан Әділет Садыбеков матчтың соңғы нүктесін қойды.

Осылайша “Қайрат” өз алаңында бельгиялық командаға 4:1 есебімен есе жіберді. Енді “Қайрат” 29 қаңтарда “Арсеналға” қарсы ойнайды. Осыдан кейін алматылық клуб Чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтайды.

Талқылау