Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қандай жағдайда қазақстандықтар азаматтығынан айырылады: Конституцияда көрсетілді

Қандай жағдайда қазақстандықтар азаматтығынан айырылады: Конституцияда көрсетілді

Фото: gov.kz

Қазақстандық террористік қылмыс жасап, Қазақстанның ұлттық мүдделеріне ауыр зиян келтірсе азаматтығынан айырылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңа Конституцияда көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес беріледі және тоқтатылады, ол берілген негізіне қарамастан бiрыңғай және тең.

“Қазақстан Республикасының азаматын өз азаматтығынан айыруға, азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерге аластатуға болмайды. Азаматтықтан айыруға террористік қылмыс жасағаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін сот шешімімен ғана жол беріледі”, – делінген Ата Заңда.

Сондай-ақ Қазақстан азаматы қос азаматтық ала алмайды. Егер ол өзге елдің азаматтығын алса, Қазақстан азаматтығынан айырылады.

Еске салайық, бұған дейін Жаңа Конституция жобасының мазмұны жарияланған еді. Конституцияның алғашқы жобасында преамбула, 11 бөлім және 95 бап бар. Конституциялық соттың төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституцияның преамбуласының толықтай жаңартылғанын айтты.

Сонымен қатар преамбулада “Ұлы дала” ұғымы енгізілуі мүмкін екенін, сондай-ақ “Әділетті Қазақстан” және “Құқық пен тәртіп” ұғымдары да нақтыланғаны туралы жаздық.

Талқылау