Футзалдан Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер келді
Фото:instagram.com/kff_team_futsal
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасында бас бапкер ауысты. Бұған дейін команданы басқарған бразилиялық маман Пауло Рикардо Фигейро Силва (Кака) қызметінен кеткеннен кейін, оның орнына жаңа бапкер тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан футзал құрамасының тізгінін Рикардо Камара Собрал, яғни Какау қолға алды. 54 жастағы тәжірибелі маман қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Ол 2013–2018 жылдар аралығында ұлттық құраманың бас бапкері болып, командамен бірге айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген.
Какаудың жетекшілігімен Қазақстан құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатында қола жүлдеге ие болып, ел футзалы тарихындағы маңызды нәтижеге қол жеткізді.
Кейінгі жылдары ол Италияның "Наполи", Румынияның "Юнайтед Галати" клубтарында, сондай-ақ Кувейт, Ирак және Біріккен Араб Әмірліктерінің ұлттық құрамаларында жұмыс істеді.
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті
Клубтық деңгейде Какау алматылық "Қайрат" командасымен үлкен табысқа жетті. Оның басшылығымен клуб 2013 және 2015 жылдары футзалдан УЕФА Кубогын жеңіп алды. Сонымен қатар, Қазақстан чемпионаты мен ел кубогын бірнеше рет иеленді.