“Есірткіден уланған”: Танымал шахматшы қаза болды
Фото: © Wikimedia Commons / Stefan64
Америкалық танымал шахматшы, гроссмейстер Дэниэл Народицкий 29 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ер адамның мәйіті 2025 жылдың 19 қазаны күні АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатындағы Шарлотта қаласында өз үйінде табылған еді.
Соңғы ресми мәліметтерге сәйкес, Солтүстік Каролина штатының бас сот-медициналық сараптама басқармасы шығарған токсикология есебінде Народицкийдің ағзасында көптеген есірткі заттары анықталған: метамфетамин, амфетамин және кротамнан алынған қосылыстар (mitragynine, 7-hydroxymitragynine). Осы заттардың қоспасы денсаулыққа кері әсер етіп, уланып қаза болды.
Народицкий – шахмат әлемінде ерте жетістікке жеткен дарынды ойыншы. Ол 2007 жылы 12 жасқа дейінгі балалар арасындағы әлем чемпионы, ал 17 жасында гроссмейстер атағына қол жеткізген. Сондай-ақ ол АҚШ-тың жасөспірімдер арасындағы чемпионаттарында жеңіске жеткен.
Народицкийдің әкесі Владимир Украинадан, ал анасы Елена Әзербайжаннан шыққан.