Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында қола жүлде жеңіп алды

Ербол ХамитовФото:ҰПК

Милан төрінде Паралимпиада ойындарында ел қоржынына алғашқы жүлде түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

28 жастағы Ербол Хамитов 1500 қашықтықта финалға жолдама алған еді.

Отандасымыз ақтық сында қытайлық Лю Цзысудан бір секунд ерте келіп, қола жүлде еншіледі.

Байрақты бәсекенің алтынын Қытай спортшысы Лю Цзысюй иеленді. Ал күміс жүлде бразилиялық Кристиан Вестемейер Рибераға бұйырды. Жеңісінен кейін даңқты спортшы қолдау көрсеткен барша жанкүйерлерге алғысын білдірді.

“Бұл менің арманым еді. Бүгін Олимпиадада қола жүлдеге ие болдық. Осыдан екі ай бұрын біздің мемлекет басшымыз туды табыстаған еді. Бұл маған үлкен жауапкершілік болды. Барша Қазақстан халқына рақметімді айтамын. Бұл жеңісімді қыздарыма арнаймын”, – деді Ербол Хамитов.

Бұдан өзге 1500 қашықтықта сынға түскен отандастарымыз Юрий Березин, Анна Грачова, Нурлан Алимов және Владислав Кобаль да өнер көрсетті. Алайда олар шешуші кезеңге өте алмады.

Айта кетейік, Ербол Хамитов – 2025 жылғы әлем чемпионы. Ол 2023 жылы екі рет қола жүлдеге қол жеткізген.

Талқылау