Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина Australian Open финалында әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Елена Рыбакина Australian Open финалында әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Фото:instagram.com/australianopen

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мансабында екінші рет “Үлкен дуылға” турнирін жеңіп алды. Австралия Ашық чемпионатының финалында отандасымыз әлемнің үздік теннисшісі Арина Соболенконы жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алғашқы сетте Елена Рыбакина брейк жасап, қарсыласына допты ойынға қосуға мүмкіндік бермеді. Бірінші сетте Рыбакина Соболенконы 6:4 есебімен жеңді.

Елена Рыбакина Australian Open финалында әлемнің біріншілігі ракеткасын жеңдіФото: instagram.com/australianopen

Екінші сетте спортышлары тең дәрежеде ойнап, сет соңына дейін күресті. Алайда есеп 5:4 болып аяқталды. Осылайша Арина Соболенко бірінші рет Рыбакинаның добын ұстап, сет есебін теңестірді.

Шешуші сетте Соболенко ерте брейк жасап, есепте 3:0 алға шықты. Қазақстандық теннисші Рыбакина есепті теңестіріп, кейін бес гейм қатарынан жеңіп, алдыңғы орынға шықты да, ойынды жеңіспен аяқтады.



Матч 6:4; 4:6; 6:4 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, турнир барысында Рыбакина тұрақты әрі сенімді ойын көрсетіп келеді. Бұған дейін ол словениялық Кайя Юванды (6:4, 6:3), франциялық Варвара Грачёваны (7:5, 6:2), чехиялық Тереза Валентовуды (6:2, 6:3) және бельгиялық Элизе Мертенсті (6:1, 6:3) жеңіп, қарсыластарына бірде-бір сет берген жоқ.

Australian Open 2026 турнирі 18 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтіп жатыр. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 74,9 миллион доллар. Турнир жеңімпазы 2 793 365 доллар және рейтингке 2000 ұпай алады.

Бұған дейін 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы Australian Open турнирінің жартылай финалына шыққаны туралы жазған едік.

Талқылау