Елдос Сметов ұзақ уақыттық үзілістен кейін оқу-жаттығу жиынына оралды
Фото: ҰОК
Даңқты дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов ұзақ уақыттық үзілістен кейін оқу-жаттығу жиынына қайта кірісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл ақпаратты спортшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
“Біз оқу-жаттығу жиынына тыңғылықты түрде кірістік”, – деп жазды ол.
Фото: Спортшының жеке парақшасынан
Еске салайық, Елдос Сметов 2024 жылғы Париж Олимпиадасында топ жарғаннан кейін татамиге шықпады. Сондай-ақ халықаралық жарыстарға да қатысқан жоқ. Ол маусым айында Италияда иығына ота жасатқан еді. Енді араға біраз уақыт салып, қайта жаттығуды бастап отыр.
Айта кетейік, Елдос Сметов – Қазақстан тарихында дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы. Сонымен қатар ол 2016 жылы Рио Олимпиадасында күміс, 2020 жылы Токиода қола, ал 2024 жылы Парижде алтын медаль жеңіп алған. Осылайша спортшы елімізде Олимпиада ойындарының барлық жүлде жиынтығын иеленген санаулы спотшылардың бірі.

