Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Екі әйелді ұрды деген күдікке ілінген”: Данияр Елеусіновтің әйеліне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр

Данияр Елеусінов әйеліФото:https://www.instagram.com/yeleussinovdaniyar/

Майқұдық полициясы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің әйелі Саида Елеусіноваға қатысты Қылмыстық кодекстің 108-1-бабы бойынша істі тергеп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy. порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Еске салсақ, наурыздың басында Қарағанды қаласында Данияр Елеусіновтің жұбайына қатысты тұрмыстық жанжал қоғам назарына іліккен еді. Оқиға көршілер арасындағы түсініспеушіліктен басталған.

Жәбірленушілер спортшының әйелі өздеріне күш қолданды деп айыптаса, Саида Елеусінова бұл жағдайды жай ғана тұрмыстық дау деп түсіндіріп, көршілерін күйеуінің атын пайдаланып, мәселені ушықтырды деп есептейді. Екі тарап та бір-біріне қарсы арыз жазған.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, Майқұдық полициясы бөлімінде Қылмыстық кодекстің 108-1-бабы бойынша екі іске қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелген.

"Аталған қылмыстық істердің тергелу барысында бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, қорытындыларына сәйкес қылмыстық істер бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Басқа ақпарат қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сай жарияланбайды", – делінген хабарламада.


Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің жұбайы екі әйелді ұрды деген күдікке ілінді


Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру бабы бойынша чемпионның әйелі екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазалануы әбден мүмкін.

Талқылау