Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Тбилисидегі “Гранд-Слэм” турнирінде алтынға таласады
Фото:Нұрқанат Серікбай/IJF
Дзюдодан Тбилисиде өтіп жатқан байрақты бәсекеде 66 келіде ел намысын қорғаған Нұрқанат Серікбаев ақтық сынға жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Отандасымыз жартылай финалда испандық Гарсия Торнодан айласын асырды.
Енді ол чемпиондық атақ үшін әзірбайжандық Тұран Байрамовпен өзара мықтыны анықтайды. Нұрқанат Серікбаев бұған дейін 2024 жылы дәл осы Тбилисиде өткен додада чемпион атанған.
Бұдан өзге 60 келіде белдескен жерлесіміз Талғат Орынбасар жартылай финалда Израиль балуанынан ұтылды.
Енді ол қола жүлде үшін тартыста украиналық Артем Лесукпен күреседі. Дәл осы 60 келіде сынғат түскен Мағжан Шамшадин жұбаныш белдесуінеде есе жіберіп, жарысты 7-орынмен аяқтауға мәжбүр болды.
"Әзірге турнирлерге қатыспаймын": Абиба Әбужақынова мәлімдеме жасады
Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке қандай ота жасалғаны белгілі болды
Айта кетейік, айтулы додаға Қазақстан атынан 12 балуан ел намысын қорғауда. Турнир 22 наурызға дейін жалғасады.