“Атырау” футбол клубы бас бапкерімен қош айтысты
Фото:”Атырау” фк
Атырау футбол клубы бас бапкері, беларусь маманы Виталий Жуковскиймен қош айтысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Клубтың баспасөз қызметі бапкер мен клубтың өзара келісім негізінде келісімшартты тоқтатқанын хабарлады.
Виталий Жуковский "Атырау" тізгінін 2022 жылдың жазынан бастап ұстаған еді. Осы уақыт аралығында оның жетекшілігімен команда 85 матч өткізіп, 28 рет жеңіске жетті.
Маман 2025 жылдың басында қызметінен кетіп, Тұран клубына ауысқан.
Алайда жарты жылдан кейін қайта оралып, команданың Қазақстан Премьер-лигасындағы орнын сақтап қалуына көмектесті.
Өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасында "Атырау" Жуковскийдің басшылығымен 19 ұпай жинап, 13-орынға тұрақтады.
Талқылау