Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық 29 жастағы әйел бала туғаннан кейін ауырып, перзентханада көз жұмды

29 жастағы жас ана перзентханада көз жұмдыФото: Алина Савелидің желідегі парақшасынан/ Марқұм Кристина Илющенко

Әлеуметтік желіде Алина Савели 29 жастағы әпкесі көз жұмғанын жазды. Оның айтуынша, Кристина Илющенко Алматыдағы Басенова 2а перзентханасында кеуде сүті бітелуімен ауруханаға барған. Алайда шығуға дайындалып жатқан сәтте жүрегі тоқтап қайтыс болған. Істің мән-жайын білу үшін Stan.kz Алматы денсаулық сақтау басқармасына сауал жолдады.

Алина Савели әпкелерінің өлімі жақындарының жүрегін ауыртқанын айтады. Оның сөзінше, ет жақыны емделуге барып, перзентханада жан тәсілім еткен.

"Біз Алматы қаласындағы Басенова 2а мекенжайындағы перзентханада жас, әдемі әрі дені сау қызымызды, әпкемізді, жас жарды және жаңа туған сәбиінің анасын жоғалттық. Біздің отбасымызда үлкен қайғылы жағдай болды. 1996 жылы туған әпкем Кристина Александровна Илющенко 2025 жылдың 14 қарашасында босанды. Бала емізетін ана еді. Әпкем ақылы перзентхананы таңдау кезінде өте мұқият қарады, себебі бұл ұзақ күткен жүктілік және 29 жасында алғашқы босануы болған еді", – деп түсіндірді Алина Савели.

Марқұмның сіңлісінің айтуынша, 3 желтоқсанда (20 қарашада үйге шыққан соң) ол кеуде сүті жолдарының бітелуі және кеуде қабынуына шағымдана отырып, перзентханаға қайта барған.

"Сүт безінің қабынуы (фильтровый мастит) және сүт безіндегі сүттің азайып кейде тоқтап қалуы (лактостаз) болды. Оң жағындағы омыруынан сүт шықпай қалды. Ал сол омырауы қалыпты істеп тұрды. Әпкем баласымен бірге ауруханаға жатқызылды. 9 желтоқсан күні таңертең оған ауруханадан шығуға рұқсат берілуге тиіс еді. Ол заттарын жинап, шығуға дайындалып, тынығу үшін жатып қалды. Сол сәтте кенеттен ерекше, алаңдататын тыныс алу бұзылысы пайда болған. Жедел реанимация жүргізілген, бірақ жүрегі тоқтағаны, бірақ оны қайта қалыпқа келтіру мүмкін болмағанын хабарлады", – деді Алина Савели.

Туыстары әлі сот-медициналық қорытындыны алмағанын айтады. Барлық сараптама нәтижесін күтіп отырғанын атап өтті.

"Біз ешкімді айыптамаймыз. Тек адал тергеу үшін бәрінің білгенін қалаймыз. Әпкемнің бұған дейін жүрекпен мәсеселері болған емес. Ол ауруханаға тек сүті бітеліп кеткендіктен ғана барған еді… Ал енді шығуға дайындалып жатқан күні оның соңғы сапарына айналды", – деді Алина Савели көпшіліктен көмек сұрап.

Осы мәселеге қатысты редакция Алматы денсаулық сақтау басқармасынан пікір сұрады.

“Жағдайды объективті және жан-жақты талдау мақсатында Алматы қаласы бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне тексеру жүргізу туралы хат жолданды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы бойынша түпкілікті қорытынды уәкілетті органның тексеру нәтижесінен кейін, сондай-ақ сот-медициналық сараптама аяқталған соң ұсынылады”, – деп жауап берді денсаулық сақтау басқармасы.

Әйелдер әлеуметтік желіде сол перинатологиялық орталықта болған өздерінің бастан өткізген оқиларын бөлісті. 

"Не болғанын нақты білмеймін. Мұнда дәрігерлердің кінәсі қанша дегендей екенін де білмеймін... Бірақ сол қорқынышты перзентхананы жақсы білемін. Сондықтан мұнда трагедиялық оқиғалардың болуына таңғалмаймын. Ақшаға басымдық беретін, сәбилер мен олардың аналарын ойламайтын перзентхана. 2018 жылы олар мені баламмен бірге өлімге әкелетіндей жағдайға қалдырды. Сол күні мен босанғанып жатқан кезімде көршім де көз жұмды. Сол секілді менімен де босануды созды, көмек көрсетпеді, керісінше, моральдық қысым жасады, және ол әйел ақыры қайтыс болды", – деп жазды Мадина Ашилованы қолдау үшін.

Шынымен де, 2018 жылы Алматыда 20 жастағы Анель Артыкова есімді әйелдің өмірден өткен оқиғаны БАҚ-та кеңінен айтылған еді. Ол әйелге шұғыл кесарь тілігі жасалған, жеті күннен кейін үйге шығарылған, бірақ денесінде температура бар болған. Он күннен кейін тігістерін шешкенде, он екінші күні "жедел жәрдем" шақырылған. Орталық клиникалық ауруханада дәрігерлер оның денесінен екі литр ірің алынғанын хабарлаған. Операциядан кейін әйел оянбаған.

"Есепте көрсетілгендей, бұл босанғаннан кейінгі сепсис, қан толық тазаланбаған", – деп айтты қаза тапқан Анельдің анасы Айнаш Сазбаева.

Айта кетейік, осы трагедиядан кейін Басенов көшесіндегі Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Эльмира Жакашева қызметінен кеткен еді. Одан кейін оның әріптесі Татьяна Занилова да өз еркімен жұмыстан кеткен.

Талқылау