Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ер адам дүкен сатушысын соққыға шығып, тонап кеткен (видео)

Алматыда ер адам дүкен сатушысын соққыға шығып, тонап кеткен (видео)
Фото: polisia.kz

Алматыдағы азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, оқиға Әуезов ауданындағы дүкендердің бірінде болған. Белгісіз ер адам дүкенге кіріп, әйелге физикалық күш қолданып, дене жарақатын салған. Артынша әйелдің алтын әшекей бұйымын тартып алып, оқиға орнынан қашып кеткен.


Алматыдағы кинотеатрлардың бірінде белгісіз әйел келушінің сөмкесін ұрлап кеткен (видео)

Ақтөбеде бетін тұмшалаған екі қыз дүкен сөресінен бірнеше смартфонды ұрлап кетті (видео)


Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілген.

Полиция аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, күдіктінің ұсталғанын атап өтті. Ұрланған заттар тәркіленіп, қылмыстық іске тіркелген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Еске салсақ, бұған дейін автобусқа 4 миллион теңге мен әшекей бұйымдарын алып кірген алматылық тұрғын ұрлықтық құрбаны болғаны туралы жазған едік.

Талқылау