Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемге танымал бүркітші ару Айшолпан Нұрқайыпқызы тұрмысқа шықты

БүркітшіФото: Айшолпан Нұрқайыптың жеке парақшасынан алынды

Әлемге танымал бүркітші қыз Айшолпан Нұрқайыпқызы тұрмысқа шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл сүйінші жаңалықты Айшолпанның өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Бүркітші арудың жары – Қытайда дүниеге келген қазақ азаматы. Ал Айшолпанның түпкілікті туған мекені – Моңғолияның Баян-Өлгий аймағына қарасты Алтанцөгц өлкесі.

Айшолпан бала кезінен-ақ әкесінің тәлімінде құсбегілік өнерін меңгерген. Кейін оның ауылына барған шетелдік туристер ерекше өнерлі қызды байқап, дүниежүзіне танылуына жол ашты.

Бұған дейін режиссер Отто Белл түсірген "The Eagle Huntress" деректі фильмі Айшолпанның өмірін кеңінен насихаттап, әлемнің 30-дан аса елінде көрсетілді. Лондон, Нью-Йорк, Дубай, Токио, Сидней және Франция қалаларында ұсынылған бұл туынды арқылы Айшолпан Нұрқайыпқызы көптеген елге танымал болды.

2024 жылы ол отбасымен бірге Қазақстанға қоныс аударған. Сондай-ақ ол оқушы кезінде қазақстандық жастармен бірге Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болған. 2019 жылы Лос-Анджелесте Айшолпан туралы жазылған кітаптың тұсаукесері өткен.

Талқылау