Абылайхан Жүсіпов алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықты
Фото: ҰОК
Дубайда IBA ұйымдастыруымен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Айтулы додада 71 келі салмақта ел намысын қорғаған Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол жартылай финалда қырғызстандық Ихтият Нишановпен күш сынасып, үш раунд бойы анық басымдық танытты.
Нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық боксшыға берді. Есеп 5:0.
Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов алғаш рет әлем чемпионатының финалына шығып отыр. Ол 2017, 2019 және 2021 жылдардағы әлем чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері.
Айта кетейік, Абылайхан Серік Сәпиевтен соң әлем чемпионатында төрт медаль алған екінші боксшы атанды.
Талқылау

